Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлағатты ұстаз Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның 90 жылдығына арналған
Колледж жаңалықтары

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлағатты ұстаз Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның 90 жылдығына арналған

       Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлағатты ұстаз Қатира Ермекқызы Дүтбаеваның 90 жылдығына арналған «Елімнің болашағы-салауатты ұрпақ» ұранымен Елбасымыздың «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымыз» керек екендігін айтып өткен болатын, осы орайда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 24-қаңтарда колледж оқытушылары арасында спорттық ойындардан жарыс өткізілді.Жарыс 2 бөлімді құрады. Бірінші бөлім «Қызықты эстафета» және екінші бөлім волейбол ойындары. Ұжымнан 5 топ қатысты. Колледж әкімшілігі «Болашақ» тобы ,топ жетекшісі- Нәсіп Маратқызы, «Өнер және мәдениет» бөлімі «Шабыт» тобы, топ жетекшісі – Дәулет Құрметұлы, «Мектеп» бөлімі «Өзінше» тобы, топ жетекшісі- Гүлжайнар Нығметқызы, «Филология» бөлімі «Сникерс» тобы,топ жетекшісі-Мөлдір Сәрсенбекқызы, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» бөлімі, «Жалын» тобы топ жетекшісі- Азамат Балтабайұлы.Сайыс қызықты әрі , көңілді өтті.Нәтижесінде «Өнер және мәдениет» бөлімінің «Шабыт» тобы- І орын, колледж әкімшілігі «Болашақ» тобы-ІІ орын, «Мектеп» бөлімі «Өзінше» тобы- ІІІ орын иемденді. «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» бөлімінің «Жалын» тобы және «Филология» бөлімінің «Сникерс» топтары Алғыс хатты иемденді.«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ұжым ұстаздарының сан мыңдаған шәкіртке үлгі өнеге болып, білім мен тәрбие беріп қана қоймай , өз ұйымшылдықтарын жоғары дәрежеде көрсете білді.        Құрметті колледж ұжымы! Сіздерге мықты ден саулық тілей отырып, алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріңізге шын жүректен тілегімізді білдіреміз!












Қарабаева
Айжан Сарсенқызы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттi Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Программная статья Президента РК Н. Назарбаева «Рухани жаңғыру» ГОСУДАРСТВЕННЫЕ УСЛУГИ И ИНФОРМАЦИЯ
ОНЛАЙН