Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Жастар комитеті
Студенттерге

Жастар комитеті

     Студенттердің жетекшілік қасиеттерін шыңдау,команда да жұмыс істеу дағды-ларын,белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында колледжімізде студенттердің ғылыми қоғамы,жастар комитеті,кәсіподақ комитеті бірлесе қызмет атқарады. 2012 жылы қаңтар айында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде жастар ісі жөніндегі комитеті құрылған болатын.
        Жастар ісі жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының заңдарына және колледждің ішкіережесіне сәйкес , колледж білімгерлерін осы қолданыстағы ереже аясында басын қосатын, «Өзін өзі басқару» ұйымы болып табылады.Бұл құрылған ұйымда жетекшілік ететін «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті сайланған, және колледждің төрт бөлімінде төрт министр сайланды. Осы құрылған топ бойынша белсенді студенттер жинақталып, жылдық жоспар құрылып, жұмыс жүргізіліп келеді.Сонымен қатар колледжде студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатындаүйірмелер мен клубтар, спорттық секциялар жұмыс жургізілуде. Атап айтсақ : «Бәсеке»,«Эврика» жайдарман тобы, «Көзайым» би тобы, «Эверест» дебат клубы, «Жас қалам» ақындар клубы, Халық аспаптар ансаблі, «Драма» ағылшын үйірмесі; спорттық секцияларға келсек:
Жеңіл атлетика,тоғызқұмалақ, футбол, үстел теннисі бар.
      Жастар комитетініңұйымдастыруымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Полицияға ықпал ету жастар отряды» жұмыс істейді.
        Арнайы топ студенттердің Жарғы мен ішкі тәртіп ережесін бұзғандығы жөніндегі мәселелерді қарайды.Жыл сайын студенттер жылдық жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырады.
Тілдер мерекесіне әр бөлімнің белсенді студенттер бірігіп колледж жатақханасында «Ана тілім-айбарым, желкілде көк байрағым» тақырыбында кең көлемдегі шара өткізілді, колледжішілік «Менің тілім өлмейді халқым тілі, Қазағымның сөнбейді алтын күні» және «Тіл татулық тірегі» тақырыбында орыс тілі оқытушысы Нұргүл Қадимқызының ұйымдастыруымен жарыс сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті, достығы туралы көріністермен татулығын көрсетті.
     Әр жылдың қыркүйек айында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде «Қатира тану» сабақтары І курстар арасында педагогика пәні оқытушыларының басшылығымен Армангүл Каленқызымен, Айжан Темірғалиқызының қатысуымен өтеді. Сабақтың мақсаты І курсстуденттеріне өздері оқып отырған колледждің тарихымен Қатира Ермекқызының өмірбаянын таныстыру болды.
Мұғалімдер мерекесіне орай 1-3 курстарда топ сағаттары «Ұстаз деген ұлылырадың ұлысы, Қасиетіне бас иейік мәңгілік» ,«Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік», «Ұстаздық еткен жалықпас»т.б. тәрбиелік шаралар өткізіліп, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әдіскер, бөлім оқытушылары қатысты.
Қазан айында қарттар күніне арналып «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбындаколледждің студенттері ұйымдастыруымен облыстық қарттар үйіне мерекелік кеш өткізілді.Сондай ақ, жалғызбасты қарттардың үйіне көмекке «Жас қолғанатшылар» тобы көмекке барды.
     Нашақорлық пен зиянды заттардың алдын алу мақсатында наркобекеттер колледж медбикесімен, бөлім басшысымен бірге ұйымдастырылды. «Спорт – нашақорлыққа қарсы» тақырыбында студенттер арасында эстафеталық жарыстар дене тәрбиесі оқытушысы Р.Қ.Тәжібаева, А.Қуандықов, М.Арыстанғалиевтің ұйымдастыруымен 2 курстар арасында колледж алаңында өткізілді.
Жастар ісі комитеті қалалық «Жастар ресурстық орталығы», «Жүректен жүрекке» ҚҚ, Атырау облыстық Жайдарманы , Қалалық кітапханалармен, Құрманғазы атындағы мәдениет үйі және спорттық кешендер мен тығыз байланыста.
     Колледжіміздің жастары тек колледждің ішкі қоғамдық жұмыстары ғана емес,қалалық,облыстық, республикалық шаралардың жүлдегерлері атанып жүр.Атап өтер болсақ: Атырау облыстық Жайдарман сайысында бірнеше рет жеңімпаз атағын иемденді. Сондай ақ бірнеше дүркін қалалық, облыстық, республикалық, тіпті әлем жеңімпазы атанған спортсмендеріміз бар. Жастар саясаты ұйымдастыруымен «Нұрсая» ықшам ауданында өткізілген «ЭХРО-2017 үштілде сөйлейтін студенттер» арасына бөлімнен 5 студен қатысып өз білімдерін көрсетті. Қалалық №1 балалар кітапханасына 1 курс 14 студенттері ақын Қ.Ерғалиетің туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген «Таланты ақын, қаламгер» атты поэзия кешіне қатысып, өз өлеңдерін оқыды. «Діни экстремизмге қарсы күрес» бағытында көптеген тәрбиелік шаралар әр топтарда өткізілді. Арнайы облыстық Дін істер басқармасының теолог мамандарымен кездесу өткізіледі.ҚР Тәуелсіздігіне арналған 1(9)мт «Тәуелсіз ел тірегім» топ жетекшісі Жұмағалиева Назым, 1(9)б тобы студенттеріне Багитова А, Оспанова Р. «Ұлы дала елі»сайысын топқа бөліп өткізді. Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір-қуатты Қазақстан» тақырыбында өткізілген БРЭЙН-РИНГ интеллектуалды сайысында белсендістудент Смағұлова Көркем қатысып үздік деп танылып, арнайы дипломмен марапатталды.
        Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау облысы жастары арасында өткізілген «Білім ринг» интеллектуалды сайысына белсенді қатысқан 2(9)б тобының студенттері Смагулова К, Бақтыбаева Ақнұр, Сагиден Ақмаржан, Масалимова Мөлдір, Сембай Жанат, Өтешова Аяжан жеке-жеке «Алғыс» хатпен және Атырау гуманитарлық колледжі командасы «Алғыс» хатпен марапатталды.
     ҚР мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Татулық –тәрбиенің бесігі» тақырыбында І курстар арасында өткізілген жәрмеңке-көрме өте жоғары деңгейде өтті. Шараға Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Мақсат Кемаловна мен Жанат Закиқызы қатысып өз ойларын айтты. Шараның мақсаты Қазақстанда мекендеген ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін, ән, билерін көрсетті.
«Жұлдыз» облыстық талантты студенттер арасындағы байқауға 1(11)мт Құттыбайқызы Зүлфия «Алғыс» хат алды. Әміржанова Айзада 1(11)мт ерлер мен әйелдер және жастар мен юниорлар арасында дойбыдан обылыстық жекелей біріншілікте жүлделі 2 орынды жеңіп алды.
2016-2017 оқу жылында Жалмұханова Ақмарал Мүтішқызымен мдт студенттері Алмасқызы Жаңылсын, Мүбаракова Алтынгүл, Бисекешова Альбинаның қатысуымен ұйымдастырылған «Наркобекет» Атырау облыстықколледждер арасында өткен сайыста 2 орынды иеленді. Осы сайысқа Өтепқалиева Бағдаттың өзі шығарған өлеңіңің тұсауы кесілді.
     2017-2018 оқу жылында «Наркобекет» Атырау облыстықколледждер арасында өткен сайыста колледж психологы Гүлмаржан Нәдірқызы және Наркобекет жұмысына құрылған арнайы топпен бірге Бас жүлдені иемденді.
    «Эверест» дебат клубының жұмысын жандандырылып,колледжішілік дебат жарысы ұйымдастырылды.Дебат Қазіргі қоғамдағы мәселелер бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Имандылық –ізгілік негізі», «Жастардың бүгінгі келбеті мен тәртібі» сынды ауқымды мәселелер өтті.
Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Инфо орталық» қоғамдық бірлесітігіұйымдастырған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінінің ашылу салтагнатына орай «Қазақ FEST» мерекелік шарасына оқушылардың қолынан шыққан сәндік бұйымдардан көрме ұйымдастырып, колледж студенттері арнайы Сертификатпен марапатталды.
Атырау облыстық білім беру басқармасының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Халықтарының Тілдер күніне орай колледждер арасында латын алфавитіне көшуге байланысты «АЛТЫБАҚАН ФЕСТ» жобасына 1- курс студенттері қатысты.
    Республикалық жастар ұйымы бастауымен жастар бойында елге,Отанға деген патриоттық сезімді қалыптастырумақсатында өткен барлық оқу орындарында бір уақыттаҚазақстан Республикасының халық әртісіЕскендір Хасанғалиевтың«Атамекен» әнін шырқауға шақырған үндеуге ат салысты.
2017 жылдың қазан айында Болашаққа бағдар :Рухани жаңғыру атты бағдарламасы аясында өткен«Менің қалам: өткені,бүгіні,ертеңі ...» атты облыстық колледжаралық байқауда колледждің филология бөлімініңстуденті Камелова Милана І орын иегері атанды.
    Қараша айындақазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарының жүргізілуіне орай мемлекеттің әлеуметтік тапсырыс аясында студенттер арасында түсінік жұмыстары жүргізілді. Атырау қалалық Жастар ресурстар ортылығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі» Жастар таңдауы форумына Колледж белсенді топтарымен қатынастық. Латын әліпбиін қолдау мақсатында әр колледжден5 студенттен диктант жүргізіліп,біздің колледж студенттері үздік деп танылды.Сондай ақ Рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес «Өнер және мәдениет» бөліміндегі 1-курстың таланттыстуденттері Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы өнер музейі ұйымдастыруымен «Ақ Жайық жағалауы сыр шертеді» атты жас суретшілер көрмесінде өз өнерлерін көрсетті және Атырау облыстық өлкетану музейіне саяхат ұйымдастырылып, «Өлке өнер тарихы мен өлкеміздің тарихы» туралы тың деректер алды.Сондай ақ Бөлім оқытушысы Даулет Құрметұлы Атырау облысы білім беру басқармасы мен әдістемелік кабинет ұйымдастырған Елбасы Н.Назарбаевтың «Болащаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Шеберлер қалашығы» облыстық қол өнер байқауында әділқазы мүшесі болса,осы байқау аясында ұйымдастырылған «Этно ауыл» облыстық байқауында «Бейнелеу өнері және технология» пәні бірлестігі ұйымдастырған колледж студенттерінің шығармашылық көрмесі жүлделі 2 орынды иемденді.
   «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » бөлімінің 1-курс студенттері топ жетекшісі Нәсіп Маратқызымен Ілия Жақановтың «Сұлулықты жырлаған суреткер» сурет көрмесіне қатысты жәнеҚабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасындаЗейнолла Қабдоловтың жаңа кітаптарымен және кітапханадағы Рухани жаңғыру туралы мәліметтер алу сайттарымен танысу жөнінде семинарға қатысты.
    Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және 1-желтоқсан Елбасы күніне арналған «Рухани жаңғыру: Білім және ғылым даму жастардың көзімен» атты облыстық студенттік ғылыми практикалық конференция жұмысына филология бөлімінен2 студент катысып, /Қалекесова Айкөркем «Көптілдік –заман талабы» және Оразғали Құралай «Халықтың ұлы перзенті» шығармалары жинаққа еніп,сертификаттарға иемденді.
Атырау инженерлік гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-береке бірлік жолы» атты ғылыми тәжірибелік конференцияға 2 студент қатысыпҚайыпқали Гүлназ «Латын әліпбиі-рухани жаңғыру талабы» шығармасы, Ерғалиева Жаңылсын «Кемел ойлы кемеңгер» шығармасы жинаққа еніп, сертификатқа иемденді.
Атырау облыстық білім беру басқармасының бағдарлама аясында ұйымдастырған «Көне сарайшық сырлары» тақырыбында өткен аймақтық ғылыми-практикалық конференцияның «Сарайшық тылсымы» тақырыбындағы өткізілген жыр мүшайрасына 2 студент қатысып Сұңғат Гүлайна «Тылсымға тұнған сарайшық», Орынбасаров Ердәулет- «Сарайшық киелі құт мекенім» шығармаларымен қатысып, сертификаттарын иемденді.Сонымен қатар Атырау қаласы әкімдігі және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен Алашты жырлаймын» аттыАлашорды қозғалысының 100жылдығынажәне ел ордамыз Астанаға 20 жылдығына арналғанжас ақындар мүшайрасына филология бөлімінің студенттеріШыңғыс Махамбет- Асфандияр Кенжин атындағы сыйлық пен 50 мың көлемінде жүлде алса ,Гумарова Аделя ынталандыру сыйлығын иемденіп,25 мың теңге көлемінде сыйлық алды.Жетекшісі Жанар Өмірзаққызы.
    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына орай библиографиялық шолу жасалып, «М.Әуезов қазақ әдебиетінің тарланы» атты әдеби кеш өтті.