Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Cтратегиялық жоспар
Нормативтік құжаттар

Cтратегиялық жоспар

                                    Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің

2016 – 2020 жылдарға арналған колледж  дамуының стратегиялық жоспары


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:

«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа

көшу кезінде саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды

жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы,

іскер, өмірге икемделген, жан – жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру».


                                                                           Кіріспе


           Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім берудің қоғамдық – пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған құрамдық бөлігі болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім беру адами ресурстардың негізгі факторы болуымен қатар экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін білімге негізделе отырып, сапалық тұрғыдан халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Бұндай сәйкестіктің нысанды көрсеткіші – аккредитация және Қазақстан колледждерінің жетекші рейтингісіне ену. Қазіргі заманғы колледж екі жақты міндетті шешуі тиіс: елдің қажеттілігін бағдарлауы,сонымен бірге жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік.

Техникалық және кәсіптік білікті мамандар даярлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, жұмыс жасау бағытын кеңейту, ұжым мүшелері еңбектерін тиімді ұйымдастыру, оқытушылар құрамының ғылыми әлеуетін көтеру, материалдық -техникалық базаны нығайту білім беру процестерін ұйымдастыру сапасына жағымды әсерін тигізеді.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің стратегиялық міндеті ҚР ұзақ мерзімді тұрақты дамуы мен оның әлемдік экономикаға кірігуін қамтамасыз ету үшін білікті және бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау болып табылады.

Стратегияны әзірлеудің алғы шарттары:

  • еңбек нарығы мен технологиялардың өзгермелі талаптарына сәйкес ынтасы, жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған тұтынушылар сұранысына сай ТжКБ инновациялық – білім беру инфрақұрылымын өзгерту;
  • тұлғаның өз бетімен білім алуға, креативтілігіне, ұжымда жұмыс жасай білу дағдысы, адамгершілік және қазақстандық патриотизмнің берік негізін қалыптастыруға бағытталған инновациялық білім беру моделінің құзіреттілігін қалыптастыру жолымен білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту қажеттілігі;
  • білім және ғылым саласындағы сыртқы нормативтік құжаттардың өзгеруі;

Стратегия мақсаты – колледждің негізгі процестерінің ағымдық жағдайының сараптамасы мен бағасы, оның мәселесін айқындау, 2016-2020жж.оларды жүзеге асырудағы даму және механизмінің негізгі басымдықтарын анықтау. Құжат ұжымды сапа саласындағы ТжКБ саясатынан шығатын мақсаттар мен міндеттерді, тапсырманы орындауға жұмылдырады.

2.Колледждің міндеттері мен келешегі.


Стратегиялық мақсаты мен міндеттері. Стратегиялық бағыты.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Кәсіптік – техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет» - деп көрсеткен болатын. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі (ары қарай колледж) өзінің Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру кластерін дамытудағы үлесін жан-жақты білім беру инфрақұрлымын құру, мамандар даярлау саласындағы ТжКБ мамандықтары бойынша инновациялық технологияларды жасау, теорияны әдістемемен практиканы біріктіру, барлық мүдделі тараптардың әлеуметтік әріптестігін дамыту деп біледі.

      Колледждің стратегиялық даму жоспарын жасау барысында білім берудің дамыту үрдістері, сонымен бірге қалыптасқан дәстүр мен аймақтық ерекшеліктер ескерілді.Атап айтқанда, жоспарланған іс – шаралардың барлығы тұтасымен колледждің білім беру кеңестігіне енуіне, ТжКБ ұйымдарының білім беруге үрдісіне бағытталған.

Оқу жоспарына сәйкес жүргізілген оқу үрдісі мен мемлекет саясаты шеңберінде әзірленген тәрбие жұмысы білім алушыларды:

- көшбасшы қасиеттерге ие қоғамның құрметті мүшесі ретінде;

- сындарлы ойлау мен нақты шешім қабылдауға қабілетті тұлға ретінде;

- өз кәсібінің үздік иесі ретінде;

- кәсіптік мансапта немесе білімін тереңдету барысында табысқа жетуге мүмкіндігі мол азамат ретінде тәрбиелейтін болады.

Жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалысын басты назарда ұстау.

Кәсіби стандарттарға сәйкес білім беру процесін тұрақты жетілдіру.

Оқытушылар құрамы біліктілігін ұдайы арттыру (білім жетілдіру курстарынан өткізу, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатыстыру, тағылымдамадан өткізу, байқауларға қатыстыру).

Қазіргі заманғы педагогикалық мүмкіндіктерді, инновациялық және әдістемелік, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру.

Әлеуметтік серіктестік қызметінің ауқымын кеңейту және жетілдіру.

Білім беру саласындағы мүдделі тараптардың талаптарынтұрақты зерттеу және болжау, білім алушылар мен жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейін бағалау.

Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Стратегиялық жоспарда көзделген басым бағыттар:

1. Сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету, халықаралық білім беру кеңістігіне ену;

2. Білім алушылардың дамуы үшін, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін жағдайлар жасау;

3.Жұмыс берушілер мен кәсіби білім беру қызметін тұтынушылардың білімінің сапасы мен кәсіби дайындығы мазмұнының еңбек нарығының талабына сай келу сұранысын қамтамасыз ету;

4. Жаңа мамандықтар ашу немесе мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығын зерттеу;

5. Кәсіби қызметтің, кәсіби тәжірибенің және білім берудің технологияларын оптимизациялау, білім алушыға қызметтің жаңа әдістері мен түрлерін меңгерту арқылы өмірлік қажеттілігі бар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үйрету.

Болжам:

Төменде келтірілген болжам біздің мақсаттарымызды орындаудың негізгі алғы шарттарын сипаттайды. Негізгі жорамалдар:

* 2019-2020 оқу жылына қарай жалпы студенттер саны 3000 адамға дейін өседі деп жорамалданып отыр, ол 2015-2016 оқужылымен салыстырғанда 8,7% өсімді құрайды;

* Негізгі ОҚ кәсіптік біліктілікке немесе ғылыми дәрежелерге ие болады, педагог мәртебесі жоғарылайды;

* Әкімшілік-шаруашылық қызметті оңтайландыру, жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

* Ақпараттық жүйе, ақпараттық орта жетілдіріледі;

* Корпоративті басқару жүйесі нәтижелі еңбек етеді.

3.Миссиясы мен сипаты


Миссия: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтармен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзіретті мамандарды дайындау.

Сипаты: Халықаралық стандарттар деңгейіне сай білім беру және кәсіби мамандайындауды қамтамасыз ететін, ұлттық инновациялық жүйенің дамуына белсенді араласатын, әлеуметтік – гуманитарлық даму талаптарын шешетін, білім беру саласына маман дайындайтын, ұлттық рухпен сусындаған азаматтарды қалыптастыратын, еліміздің батысындағы оқу орны.

   Кәсіби білікті мамандарды дайындау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, қызмет түрлері бағыттарын кеңейту, ұжым мүшелерінің еңбек тиімділігін ұйымдастыру, оқытушылардың сапалық құрамын көбейту сияқты барлық процесс сапасын ұйымдастыру дамыту артықшылықтары болып саналады.

Басты мақсат:Колледждің стратегиялық дамуын төмендегідей сипаттауға болады:

2016-2020 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының негізгі міндеті - колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту, қажетті мамандарды қалыптастыру, барлық деңгейдегі жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту және қызметтің басым бағыттарын жетілдіру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің барлық деңгейінде алдыңғы қатарлы құзыреттілікті - бағытталған стандарттар мен үлгілерін білім берудің барлық кезеңдерінде қалыптастыру және тарату. Қазақстанның Батыс өңірі бойынша отандық білім беруді нығайту жолында жүйелі дайындық арқылы кәсіби білікті бастауыш сынып мұғалімдерін, балабақша тәрбиешілерін, бастауыш сыныптың шетел тілі мұғалімі, орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілі және әдебиеті, математика пәні мұғалімі, технология, өнер салаларында мамандар даярлауды нығайту.

Колледждің стратегиялық мақсаты:мамандар даярлауды кәсіби деңгейге шығару және мамандарды дайындаудың аккредиттелген бағдарламалары бар таңдаулы колледж құру, білім беру, зерттеу және нарықтық бәсекеге қабілетті ортада кәсіби бағыттағы оқу орындары арасында алдыңғы орындарға шығу; кәсіби деңгейдегі бәсекеге қабілетті ортада өз елінің мүддесіне бағытталған білікті маман ретінде түлектер дайындау.

Колледж қызметін жүйелі түрде үздіксіз дамыту.Қызмет сапасын жетілдіру үшін әр қызметкерге келісім-шарт негізінде жауапкершілік жүктеу.

Келешегі: еліміздің оқу-әдістемелік, тұлғаның шығармашылық потенциалы дамыту және білімнің жемістілігі, жалпы Қазақстанның коммуникативті-ақпараттық ортасы жағдайындағы қоғам менмемлекет арқылы орта кәсіптік педагог мамандықтар бойынша білім беру саласының инновациялық үрдістерінің ортасы болу;

Колледждің дамуыныңстратегиялық бағыты: Жалпы кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің тәжірибесін жалпылау және одан әрі жетілдіру жаңа білім берушілік қызметтер алу үшін қойылған міндеттерді шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік беретін өзін-өзі сындарлы бағалауды қамтамасыз етуші жаңа инновациялық технологияларды енгізу жолымен оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне жаңа сапалық деңгейге көтеру болып табылады.

Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат :

  1. Мемлекет, қоғам және жеке тұлғаның барлық талаптарына сай құзіретті мамандар даярлау.
  2. Білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін қызмет сапасын ұдайы жетілдіру.
  1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мәселелерін жолға қою.
  2. Білім алушыларды қазақстандық патриотизм рухында, жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелеу.

Колледж әкімшілігі жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін өз қызметін сапа саласындағы саясатпен тығыз байланыстырып жүзеге асыруға міндеттенеді.

5. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бағдарламасы


     Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі міндетіне сәйкес өзінің қызметін кәсіптік және техникалық білім беру саласында оқу–әдістемелік орталықтың үйлестірушісі ретінде өзінің ұстанымын бекітіп және сақтап өзінің қызметін құрып отыр.Болашақта колледж, білім беру кеңестігінде үздік колледждердің бірі болуға ұмтылуы тиіс.

      Еңбек нарығында түлектердің қажеттілігі, оқу-әдістемелік, шығармашылық жетістік, практикалық жұмыс тәжірибесімен, оқытушылар қарым-қатынасындағы мәдениеттілік, сонымен қатар, оқытушы құрамының кәсібилігі колледждің беделділігінің негізгі индикаторы болып табылады.

     Колледждің 2016-2020 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру бағдарламасы колледждің ТжКБ білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі жағдайындағы қызметінің бірсыпыра негізгі бағыттарын қарастырады.

    Стратегиялықдаму жоспарында қызметтердің негізгі векторларының стратегиялық бағдарламаларына бөлінеді:

  1. Білім беру сапасы мен бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлауды қамтамасыз ету;
  2. Мемлекет пен аймақтың экономикасы мен әлеуметтік сала дамуы басымдылығын ғылыми жағынан қамту: ұлттық ғылыми инновациялық жүйесін қалыптастыруға үлес қосу;
  3. Колледжді басқарудың тиімділігі мен дамыту жолдары.

plan-na-kazahskom.rar [72 Kb] (cкачиваний: 8)