Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » » Бөлім меңгерушісі
Филология бөлімі

Бөлім меңгерушісі

                                 МАГАЗОВА ЖАНАР МАКСУТОВНА

(Гурьев қ.,07.10.1975 ж.т.) - орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау Гуманитарлық колледжі «Филология» бөлімінің меңгерушісі.
1982-1992ж.ж.Атырау қаласындағы №3 орта мектепте оқыған.
1997 жылы Гурьев педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Атырау гуманитарлық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде бастаған.
2001-2002 жылдары «Шетел тілі» бөлімінде меңгеруші,
2008-2009 жылдары педагог-психолог қызметтерін атқарды.
2012 жылдан «Филология» бөлімінің меңгерушісі.
Жанар Максутовнаөз мамандығын жете меңгерген, өз ісіне шын берілген іскер ұстаз. Ол шәкірттерінің мінезін, қабілетін танып, соған лайықты жүйелі жұмыс жүргізіп, әрбір сабағын тиімді ұтымды етіп пайдаланабіледі. Сабақтарында үнемі көрнекі құралдарды, тиімді әдіс -тәсілдерді қолданып қазіргі технологияға сай интерактивті тақтамен ашық сабақтарын өткізіп, шәкірттерінің сапалы білім,саналы тәрбие алуы үшін талмайеңбек етуде. Сапалы білім, саналы тәрбие берудің арқасында құрмет пен абыройғаие болғанұлағат иесі – шығармашыл,ізденімпаз, білікті маман. Колледж әкімшілігі тапсырған қоғамдық жұмыстарды өте жоғары жауапкершілік тұрғыда орындап,өзіне де,өзгеге де талап қоя алатын маман ретінде көрсетті.
Біліктілікті арттыру сертификаттары:
2013ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»Сертификат «Современные педагогические технологии как инструмент управления качеством образования»
2018жҚР Білім және ғылым министрлігі «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім беру бағдарламасы бойынша сертификат,
2018ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлікқоғамы жанынан «Пилоттық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың жолдары»атты семинарда куәлік,
2018ж.ҚРБілім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы «Білім беру ұйымдары,оқу-әдістемелік кабинеттер,оқу-әдістемелік орталықтар әдіскерлерінің және облыстық білім басқармаларының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдері қызметкерлерінің қызметіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу»тақырыбында техникалык және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік техникалық қызметкерлерін және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсынан сертификат,
2018ж.Республикалық ғылыми-танымдық газеті Республикалық «Білім айнасы»газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» сертификат;
2019ж. Қосалқы білім беру қызметі «Білім көкжиегі» жобасы аясында «Білім беру ұйымдарында ата-аналармен жұмыс жұргізудің тиімді әдіс-тәсілдері» семинар-тренингіне қатысқанын растайды.
Марапаттары:
2013жылы Атырау облысы білім беру басқармасы Облыстың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін «Құрмет грамотасы»
2014жылы «Нұр Отан»партиясы Атырау қалалық филиалы «Алғыс хат»
2015жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі «Алғыс хат»
2015жылы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі директорының «Алғыс хаты»
2016жылы Атырау Облысы білім беру басқармасы «Алғыс» Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін.
2018жылы Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы «Алғыс хат» «Заманауи оқыту-көптілді білім берудің мүмкіндігі»тақырыбындағы облыстық семинарға белсене қатысқаны үшін.
2019жылы Нұр-Сұлтан,Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі,Тәуелсіз Қазақстанның Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен Білім беру саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасы»