Колледж миссиясы: Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтар мен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау
Қаз Рус Eng
» » Сырттай бөлім
Бөлімдер

Сырттай бөлім

Сырттай оқыту – білім алуды кәсіби еңбек қызметімен байланыстыратын азаматтарға арналған оқу процесінің нысаны.
Сырттай бөлім мақсаты - кәсіптік білім беру Мемлекеттік стандартқа сәйкес өндірістен қол үзбей бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Сырттай оқыту бөлімінің негізгі бағыттары:
  1. Өз білім беру мүдделерін жүзеге асыруда сырттай бөлім студенттеріне көмек көрсету
  2. Заманауи білім беру социумында бейімделе алатын мамандарды дайындау
   Сырттай бөлімнің бірінші мәселесі – оқушыларға нормативті мерзім ішінде оқу бағдарламасын сапалы түрде меңгеретіндей өз оқу процесін құруға көмек көрсету.
    Сырттай бөлімде қазақ  тілінде ақылы негізде келесі мамандықтар бойынша мамандарды даярлау жүргізіледі:  

Коды, мамандық атауыКоды, біліктілікОқу мерзіміОқыту тілі
10105000 «Бастауыш  білім беру»0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»2 жыл 10ай 

Қазақша
20101000  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»2 жыл 10ай

Қазақша

   Мамандарды даярлауды жоғары білікті педагогикалық кадрлар жүзеге асырады.   Оқыту кезінде қазіргі заманғы педагогикалық және ақпараттық технологиялар пайдаланады. Сырттай бөлім білім алушылары сапалы білім алулары үшін заманауи техникалық әдебиетпен қамтылған кітапхана қарастырылған.  Сырттай бөлім ұжымы мен колледж әкімшілігі оқу үдерісінің әртүрлі әдістері мен формалары, контингенттің сақталуына үлкен мән береді. Білім алушыларға қосымша кеңес беру өткізіледі.

  Сырттай бөлімге құжат қабылдау 2018 жылдың 20 маусымынан бастап 20 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.